«Абайтанудың заманауи парадигмасы: пәнаралық байланыстар және жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2025 жылдың 30 сәуірінде Астана қаласының Білім басқармасы «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы» ұйымдастырған «Абайтанудың заманауи парадигмасы: пәнаралық байланыстар және жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жобалардың таныстырылымы өтті. Абай ауылына саяхат ұйымдастырылып, оқушылар Абай өлеңдерін жатқа айтты, ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Сонымен қатар «Зере» әжелер мектебі мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, оқушылардың «Ескендір», «Масғұт» поэмаларын жатқа айтуы қатысушылардың қызығушылығын тудырды. «Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты жобалар алаңында интеллектуалды және ғылыми жобалар таныстырылды.