«Modern needs – New technologies» қалалық семинары

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Modern needs – New technologies» қалалық семинары 2025 жылдың 12 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» және «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК бірлесіп, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Modern needs – New technologies» қалалық семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби өсуіне әдістемелік қолдау көрсету, заманауи технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылау және тәжірибе алмасу. Семинар барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің педагогтері, Линкольн халықаралық бизнес мектебінің аға оқытушылары Dr. Alison Raby және Dr. Olanrewaju Olaoye қонақ болып, ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері туралы баяндама жасады. Абай мектебінің ұстаздары, Төребай Гүлфайруз және Ақытхан Нұрзайра «Ағылшын тілін Абай даналығы арқылы оқыту» туралы AQ Talks алаңында презентация жасады. Мұғалімдер оқыту үдерісінде қолдануға болатын заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісіп, тәжірибелік ұсыныстар берді.
Семинардың екінші бөлімінде жаңа технология, жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары бойынша шеберлік сыныптар өтті. Қатысушылар жаңа технологияларды пайдалану әдістерін меңгеріп, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Семинар соңында мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында 6-8 сынып оқушылары қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы ағылшын тілінде ақпарат ұсынып, оның өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, оқушылардың қатысуымен «Күлше қыз» ертегісінің театрландырылған көрінісі көрсетілді. Ұйымдастырушылар осындай шаралардың мұғалімдердің кәсіби дамуына және білім беру үдерісін жетілдіруге қосатын үлесі зор екенін атап өтті.