«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы
«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы аяқталды
2025 жылдың 23-25 маусым күндері
Петропавл қаласында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті.
Астана қаласының намысын бұл байқауда 3 оқушы қорғады.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Азаматқызы Саяжан жүлделі III орынға ие болды.
Ал «Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясында №24 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Құмарбек Еркебұлан грамотамен марапатталды.
Құттықтаймыз!
