Мектепалды лагерь

«Абай ауылы» этнолагерiнiң 5-7 сыныптарға арналған 1-маусымының ашылуы. (видео)

«Абай ауылы» этнолагерiнiң 2-ші күні (видеосы)
Жазғы лагерьдің екінші күні қызықты әрі мазмұнды өтті. Таңертең балалар көңілді жаттығулар жасап, белсенді ойындарға қатысты.
Ағылшын тілі үйірмесінде балалармен саяхат тақырыбы талқыланды. Бұл сабақ балалардың сөздік қорын кеңейтіп, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытты.
Лагерь кезінде балаларға «Каратэ пацан» атты аңызға айналған фильм көрсетілді. Фильмдегі басты кейіпкердің табандылығы, өзін-өзі басқаруы және ұстазына деген құрметі балаларға үлкен үлгі болды. Бұл фильм балалардың тәртіпке, шыдамдылыққа және өзін-өзі дамытуға ынтасын оятты.