«Патриот» онкүндігі

Бүгін 09.04 күнi «Патриот» онкүндігі аясында, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай 11 “А “ және 10 “Ә” сынып оқушылары Тұңғыш Президент музейіне барып қайтты. Осы күнi Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздардың есiмдерiн қайтаруға өз өмірін арнаған адам «Мемориалдық аймақ» iздеу жасағының жетекшісi, профессор Майдан Құсайыновтың қатысуымен «Қайтарылған есiмдер» атты диалог алаңы өтті. Автор Ұлы Отан соғысы жайлы баяндама оқып, әскери—тарихи соғыс болған жерлерді зерттеп, соның iшiнде қазақстандықтар қатысқан соғыс аймақтарды зерттеп, олардың есімдерін жаңғырту туралы біршама ақпаратпен бөлісті. Шараның мақсаты соғыс зардабын тартқан түрлi тағдырлар туралы, майданда мерт болған сарбаздардың есiмдерiн мәңгі есте сақтау, олардың ерлігін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты Отанды сүюге, құрметтеуге, батылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу болды.