“Жердегі ең маңызды сағат” агитплакаттар байқауы

“Жердегі ең маңызды сағат” агитплакаттар байқауына мектебіміздің ☘️Экология фракциясы☘️ қатысуда. Бұл суретімізбен біз планетамыздың болашағы өз қолымызда екенін жеткізгіміз келді.Расында планетамызға жасаған жақсылығымыз–өзімізге жасаған жақсылығымыз екенін ұмытпайық.“Табиғат – адам баласының анасы.” Анамызды қалай аялап құрметтесек, табиғатымызды дәл солай аялауымыз керек❤️ Экологияны қорғау – бұл тек бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі ұрпағымыздың болашағын да ойлаумен байланысты. Оларды таза ауада тыныстатып, таза суды ішуге, жасыл желектермен қоршалған ортада өмір сүруге мүмкіндік беру – біздің міндетіміз.☘️❤️ Табиғатты қорғау – біз үшін қасиетті парыз болсын.🌳❤️