«Абайға жаққан бiр сәуле сөнбеу үшін» деген тақырыпта №23366 Әскери бөлiмiнiң қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел

Мектебiмiзде 23 сәуiр «Ұлттық кiтап» күнi қарсаңында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайға жаққан бiр сәуле сөнбеу үшін» деген тақырыпта №23366 Әскери бөлiмiнiң қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармаларын дәріптеу. ⚜️Кездесу барысында Абай еңбектері айтылып, мектептің дарынды оқушыларының қатысуымен әндер, өлең-шумақтар айтылып, қара сөздер оқылды. Қорытындысында әскери бөлім қызметкерлеріне арнайы Абай мектебінің атынан дәстүр бойынша естелiк ретінде кiтаптар сыйлады. Сонымен қатар Әскери бөлiм атынан мектеп директоры және тәрбие орынбасарларына Алғыс хат табыстау рәсімімен қорытындыланды.