“Білімім — Отаныма!” сынып сағаты

2024-2025 оқу жылын Абай мектебінің ұжымы мен оқушылары табысты, сәтті аяқтады. Қалалық, республикалық байқаулар мен олимпиадалардан, ғылыми жоба мен зерттеу жұмыстарынан білім алушыларымыз белсене қатысып, жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Бүгін, міне, оқу жылының қорытындысын “Білімім — Отаныма!” сынып сағатымен түйіндедік. Сынып сағатында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдылық беріп, түрлі форматта өткіздік. Өткен аптадан бері басталған эссе байқауының нәтижесін шығарып, үздік жазылған жұмыстарды марапаттадық. Оқушыларға танымдық кітаптар мен фильмдердің тізімі беріліп, демалыс кезін тиімді өткізу ұсынылды. Қауіпсіздік шаралары бойынша да алдын ала жұмыстар жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетілді.