«Бiр тамшы - көмек Дәуренге» атты қайырымдылық акциясы

«Қамқорлық» акциясы аясында мектебімізде «Бiр тамшы - көмек Дәуренге» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияда оқушылар қолдан жасаған заттар мен кiтаптар және қол өнер заттарын жәрмеңкеге қойды.«Қайырымдылық жасасаң - қайырын өзiң көресiң» деген ұранмен, акцияға мектеп оқушылары және ұстаздар қатысып, тамшыдай болсын үлес қосуға тырысты. Сонымен қатар мектептiң өнерпаз оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, акция аясында өз қолдауларын бiлдiрдi.