«Қауіпсіз балалық шақ: қамқоршы ата-ана» ата-аналар жиналысы.

02.05 Мектебімізде психологиялық қолдау орталығының мамандарымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы — «Қауіпсіз балалық шақ: қамқоршы ата-ана» болды. Бұл шараның мақсаты — ата-аналарды балалардың психоэмоционалдық жағдайын бақылап, қолдау көрсету, сондай-ақ, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған маңызды ақпаратпен таныстыру. Жиналыста психологиялық қолдау орталығының мамандары балалардың дұрыс дамуы үшін ата-ананың рөлі ерекше екенін атап өтті. Олар, ең алдымен, баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта мен қауіпсіз жағдай жасау қажеттілігін түсіндірді. Ата-аналарға балалардың эмоционалды күйін түсіну, оларды дұрыс тәрбиелеу және оларға психологиялық көмек көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған кеңестер берілді. Сонымен қатар, баланың өміріндегі қауіпсіздіктің маңызды аспектілері талқыланды. Оған бала мен ата-ана арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынас, баланың әлеуметтік ортаға бейімделуі, интернеттің зиянды әсерлерінен қорғау, сондай-ақ, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан сақтану шаралары кірді.