Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығы
Мектебіміздің 9 “Д” сынып оқушылары Астана қаласы полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына барды. Қызметкерлер өте жоғары деңгейде экскурсия өткізді. Оқушылар күнделікті өмірде бұзақылықпен айналысуға болмайтындарына қөздері жеткендей болды. Көрсетілген бейнероликтер олар үшін өте әсерлі болды. Полиция ұжымына және полиция полковнигі Чирва Лариса Федоровнаға алғысымызды білдіреміз!