SHARE жобасы

Мектебіміздің зерттеуші топ ұстаздары халықаралық SHARE жобасымен жұмыс жасауды бастады. Жобаның мақсаты оқу мен оқытудағы іс әрекетті зерттеу арқылы ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім сапасын көтеру. Мектебімізде ортақ құндылықтарды қалыптастыру, педагогикалық практиканы жақсарту, көшбасшылықты дамыту, күнделікті тәжірибені зерттеу үшін негізгі зерттеу тобы құрылды. Сонымен қатар, ұстаздарға арналған сауалнама негізінде еріктілер құрамға қосылды. Бүгін жобаның алғашқы отырысы еркін форматта өтті. Ұстаздарымыз жалпы жоба жайлы құнды ақпараттар алды, міндеттерімен танысты, баланың оқу үлгеріміне не әсер етеді? деген сұраққа жауап іздеп көрді. Әріптестер SHARE жобасымен жұмыс жасауға қызығушылық танытып, бірлесіп жұмыла көтерген жүк жеңіл деген оймен тарқасты.