"Таза Қазақстан" атты экологиялық көрме

22.04.2025 күнi 9"Е" сынып оқушылары "Таза Қазақстан" атты экологиялық көрмеге барды. Іс-шара барысында оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу, ауаны және суды ластанудан сақтау, ағаш отырғызу сияқты маңызды тақырыптар бойынша мәлімет алды. Оқушылар түрлі экологиялық жобалармен танысып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Көрме оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіруге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосты.