"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары бағдарламасы

Мектебіміздің оқушылары "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары бағдарламасы аясында жазғы еңбек маусымын бастап кетті. Бағдарлама мақсаты – оқушылардың еңбекке деген ынтасын арттыру, табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу. Оқушылар мектеп ауласын абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына белсенді атсалысуда. Бұл — тек еңбек дағдыларын үйрену ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілік пен ұйымшылдықты дамытудың үлкен мектебі.