Адам папиллома вирусы (АПВ) және оған қарсы вакцинация

2025 жылдың 22 сәуір күні мектебімізде №8 қалалық емхана және "Сенім" жастар денсаулық орталығының мамандары оқушыларға арналған ақпараттық дәріс өткізді. Шараның басты тақырыбы – адам папиллома вирусы (АПВ) және оған қарсы вакцинация. Дәріс барысында медицина қызметкерлері АПВ-ның таралу жолдары, денсаулыққа тигізетін әсері және оның алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, вакцинацияның маңыздылығы мен қауіпсіздігіне ерекше тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.