«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» ұлттық ойындар сайысы

Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылықты және дәлдікті дамытуда ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, қазақ халқының дәстүрлі ойындарын жаңғырту мақсатында қол күрес, асық ойындары, арқан тартыс, бес тас, тоғызқұмалақ ойындары ойнатылды. Ұлттық ойындар қорытындысы шығарылып, жеңімпаз оқушылар марапатталды.