«Біздің жетістігіміз»

1-сынып мұғалімдері мен ата-аналары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде «Біздің жетістігіміз» форумының қорытындысы жасалды. 1-сынып мұғалімдері Асия Балтабайқызы, Гүлшира Қожахметқызы, Ұлжарқын Серікбайқызы пәндердің оқытылуы жайлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс соңында қатысушы ата-аналар ұйымдастырылған жұмыс жайлы өз ойларын, пікірлерін білдірді. Осындай жұмыстар мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.