Мектептегі қауіпсіздік

Бала қауіпсіздігі мәслесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін мектептердегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет. Қысқасы, балалардың қауіпсіздігі мен қорғанысы дегеніміз тек бақы­лау камерасы, өткізу режімі, дабыл түймелері ғана емес, төтен­ше жағдай кезіндегі мектеп қызмет­керлері мен оқушылардың өзін-өзі ұстауы, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруы да өте маңызды. Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайдың жасалуы маңызды.