seminarlar

12.03.2024 жыл. «Баға құнды емес, бала құнды» тақырыбында қалалық семинар өтті.
12.03.2024 жылы мәжіліс залында педагогтерді аттестаттауға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
11.03.2024 жыл. "Электр жарақаты қауіпсіздігі бойынша" дәріс оқыды

21.02.2024 ж. Республикамыздың әр өңірінен келген “Менің бауырым” жобасының тренерлері қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтары мен әлеуметтік педагогтарына тренинг-семинар өткізді.


20.02.2024 ж. видеосы

✅ Бүгін Абай мектебінің тыныс-тіршілігін танысып, білісу мақсатында Батыс Қазақстан облысынан арнайы қонақтар келді.
БҚО Дарын орталығының директоры Гүлсім Габдулгазизовна және БИЛ директоры Ұлықбек Жүнісқожаев
мектеп құндылығымен, оқу-тәрбие жұмысымен танысты.
✅ “Абай құндылығы негізінде оқыту және тәрбиелеу” жобасының спикерлері Кеңес Дауыл, Әсел Нұрланқызы,
Меруерт Тналина сөз сөйлеп, құндылық бойынша жұмыстарын


16.02.2024 ж. Мектепішілік “46 сөз: өз сөзім өзімдікі” TEDx форматында семинар өтті. Семинар қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы аясында ұйымдастырылды.


12.02.2024 ж. “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының “Мұқағали ғасыры” кітабының таныстырылымы өтті. видеосы
Абай мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдебиет сыншысы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының “Мұқағали ғасыры” кітабының таныстырылымы өтті.

Амангелді Кеңшілікұлы - әдеби қауымға есімі белгілі сыншы, эссеист. Оның қаламынан туған сыни мақалалары мен эсселері әдеби ортада мойындалған. Қай тақырыпқа қалам тербесе де, жүйрік аттай кең көсіледі.
“Мұқағали ғасыры” - Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасын жан-жақты талдайды. Сондай-ақ кітаптың алғашқы тарауы Абайдың шығыстық әлеміне арналған.
Амангелді Кеңшілікұлына шығармашылық табыс тілейміз! Қаламына қуат тілейміз!



2024 жылдың 2 ақпаны күні “Абай құндылықтары негізінде оқыту және тәрбиелеу”

“Абай құндылықтары негізінде оқыту және тәрбиелеу” тақырыбында республикалық семинар өтті.
Семинарға Абай облысының мектеп директорлары қатысты. видео




✅ Семинар барысында Абай мектебінің құндылығы таныстырылды.Мектеп мұғалімдері пәнге құндылықты кіріктіру бойынша, оқушылар өз жетістіктерін TEDx форматында бөлісті. видео




✅ Абай құндылығы негізінде оқыту және тәрбиелеу жұмыстары жан-жақты ашылды. Қонақтар риза болып, алғыстарын білдірді.





24.02.2023 ІІІ қалалық «... Бір ғалымды көрсеңіз»