Іс-шаралар

14.02.2024 жыл "Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы"

18.01.2024 жыл "Әрбір бала біл әлем"

12.12.2024 жыл "Артық білім кітапта"

02.11.2023 жыл.

А.Құнанбаев атындағы 87 мектеп- гимназиясының Абай кітапханасына 1д сынып жетекшісі С.Нақыпбекова сынып оқушыларымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында каникул күндерін тиімді өткізу мақсатында "Кітап әлеміне саяхат" жасады. Кітапханашы Б.Тастанова оқушыларды кітапханамен, оның әр бөлімімен таныстырды. Балаларға арналған бөлімдегі кітаптармен жақын таныстырылды. Саяхат соңында оқушылар қызығушылықпен үйде оқуға кітаптар жаздырып алды.



30.10.2023 жыл
А.Құнанбаев атындағы 87 мектеп- гимназиясында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы аясында мектептің Абай кітапханасында "Кітап пен кітапхананың пайда болу тарихы" атты тарих пәнімен кіріктірілген сабақты кітапханашы Б.Тастанова, тарих пәні мұғалімі А.Абдуллаева 6-сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кітаптың шығу тарихы мен кітапхананың пайда болуы туралы кеңірек мәліметтер беру. Ой-танымдарын арттыру. Сабақ барысында слайдтар көрсетілді, кітап жайлы "Ия", "Жоқ" ойыны ойналды.