Бракераждық комиссия 13.09.2024
Бүгін мектеп асханасында бракераждық комиссия өз жұмысын 1-сынып ата - аналарын қатыстыра отырып жүргізді. Тексеру барысында 1-сынып ата - аналары оқушылардың тамақтанатын орнымен танысып, бүгінгі берілген ас мәзірінен дәм татты. Бракераждық комиссия мүшелері асхананың жұмыс тәртібімен, қажетті құжаттармен танысты. Сонымен бірге, тексеру барысында азық- түлік, көкөніс қоймалары, тамақ өнімдерінің сертификат мерзімі тексерілді. Жұмыс соңында ата - аналар өз пікір - ұсыныстарын байланыс дәптеріне жазып қалдырса, бракераждық комиссия өз жұмысына акт толтырып, асхана меңгерушісіне таныстырды.