«Дарынды отбасы -2024» атты отбасылық байқау өтті

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Мектебімізде 6-сыныптар арасында «Дарынды отбасы» атты отбасылық байқау өтті.
Байқауға бес отбасы қатысып, бақ сынасты. Байқау «Тегін білу тектілік», «Өнерлінің өрісі кең», «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» сұрақ-жауап, «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты қолөнер бұйымын таныстыру сынды кезеңдерді қамтыды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайым дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.