“Мұқағали ғасыры” кітабының таныстырылымы өтті.

Абай мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдебиет сыншысы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының “Мұқағали ғасыры” кітабының таныстырылымы өтті.
Амангелді Кеңшілікұлы - әдеби қауымға есімі белгілі сыншы, эссеист. Оның қаламынан туған сыни мақалалары мен эсселері әдеби ортада мойындалған. Қай тақырыпқа қалам тербесе де, жүйрік аттай кең көсіледі.
“Мұқағали ғасыры” - Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасын жан-жақты талдайды. Сондай-ақ кітаптың алғашқы тарауы Абайдың шығыстық әлеміне арналған.
Амангелді Кеңшілікұлына шығармашылық табыс тілейміз! Қаламына қуат тілейміз! Видеосы