Соңғы қоңырау "Абай сыйы" үздіктері

Абай білім ордасы жыл сайын «Абай сыйы» фестивалін өткізіп келеді. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылды.
Осы жылғы «Абай сыйы» фестивалінің мазмұны ерекше форматта өтті.
2022-2023 оқу жылында атқарылған басты жұмыстарға қысқаша тоқталып, ерекше, белсенді топтарды ынталандыру мақсатында «Үздік өнер», «Үздік сынып жетекші», «Үздік бірлестік», «Үздік спорттық команда», «Үздік спикер» номинациялары бойынша арнайы статуэткалар табысталды және «Абай сыйы-2023» үздіктері анықталды.
Ұстаздар арасында «Абай сыйы-2023» иегері- Жалелов Даулет Серікұлы.
Оқушылар арасында «Абай сыйы-2023» иегерлері Арғынбаева Ұлпан мен Мықтыбек Ильяс иеленді.
Салтанатты кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, әлем чемпионы Санжар Ташкенбай, “Қазақстан” ұлттық арнасы
“Таңшолпан” бағдарламасының жүргізуші, актер Әкімжан Бексұлтан, Құндылық кz жобасының авторы Әлішер Жүнісов, Алтынсарин төсбелгі иегерлері, ардагер ұстаздар, Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы, Әдістемелік орталықтың басшысы Сындар Мұратқызы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы Жанар Мәулетханқызы қатысып, үздіктерді марапаттады. Өнер жұлдыздары ән шырқады. Үздіктерге «Qasym баспа үйі» көркем әдебиеттер мен «OPPO» брэндінің ұялы телефондары, құлаққаптары демеушілердің көмегімен сыйға тартылды. Қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреміз. Барлық ұстаздар мен оқушыларды құттықтаймыз!

Абай шығармаларын оқыту арқылы «толық адам» іліміне сай өнегелі, ұлттық дәстүрді бойына сіңірген саналы да сауатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.