«Үздік жас маман – 2024»

Жарқыра, жаса, жас маман!
16 наурыз күні “Жас мұғалім: мамандық, кәсібилік және жетістік” жас мамандар онкүндігі аясында «Үздік жас маман – 2024» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас маманның әлеуетін арттыру, құзіреттілігін заман талабына сай жетілдіру және кәсіби дамуға бағыттау, өзара тәжірибе алмасу.






Байқауға қатысушылар креативті таныстыруларын ұсынып, «Біздерде мынадай бар, мынадай бар...» немесе «Менің педагогикалық инновациям» атты таратуға лайықты идеяларға арналған жобаларын TedX форматта қорғады. Сонымен қатар түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән шырқаса, бірі мың бұралып би биледі.
Өнерлі, креативті, жігерлі жас мамандар дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жұлдыздарың жарқырай берсін, жас мамандар!
@astana_adistemelik_ortalyq @bilimastana