"Кітап пен кітапхананың пайда болу тарихы"

А.Құнанбаев атындағы 87 мектеп- гимназиясында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы аясында мектептің Абай кітапханасында "Кітап пен кітапхананың пайда болу тарихы" атты тарих пәнімен кіріктірілген сабақты кітапханашы Б.Тастанова, тарих пәні мұғалімі А.Абдуллаева 6-сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кітаптың шығу тарихы мен кітапхананың пайда болуы туралы кеңірек мәліметтер беру. Ой-танымдарын арттыру. Сабақ барысында слайдтар көрсетілді, кітап жайлы "Ия", "Жоқ" ойыны ойналды.