Құқықтық сауаттылық онкүндігі аясында «Парламент партасында» атты 10 А сыныбының қатысуымен ic -шара

Құқықтық сауаттылық онкүндігі аясында «Парламент партасында» атты 10 А сыныбының қатысуымен ic -шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: тарих мұғалімі Махсутов Төлеген. Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң шығару үдерісімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар парламент мүшелерінің, атап айтқанда, Мәжіліс және Сенат депутаттарының рөлін сомдап, мектеп базасында қабылдануы мүмкін заң жобаларын ұсынды.
Оқушылар топтарға бөлініп, өздерінің заң жобаларын ұсынды, оларды талқылап, ұсыныстар енгізді және жобаны Президентке, мектеп тәлімгерлерi Ихсан Данияр және Қабен Нұрболатқа жолдады. Президент рөлінде болған Данияр ағай мен Нұрболат ағай оқушылар ұсынған заң жобаларын қабылдап, ұсыныстарын да қосып отырды.Бұл тәжірибе оқушыларға заң шығару тәртібі, депутаттардың қызметі мен жауапкершілігі туралы нақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, азаматтық сана мен құқықтық мәдениетті дамытуға өз септігін тигізді.

