Республикалық “ІШІ- АЛТЫН, СЫРТЫ-КҮМІС сөз жарысы…” шешендік өнер байқауы

Қасиетті Қарауылдың төрінен сүйінші жаңалық келді. Желілік Абай мектептері арасындағы І Республикалық “ІШІ- АЛТЫН, СЫРТЫ-КҮМІС сөз жарысы…” шешендік өнер байқауынан дарынды шәкірттеріміз елорда намысын қорғап, биік тұғырдан көрінді. Үкілеген үмітті арқалаған Арғынбаева Ұлпан байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Шешендік сөз сайысында білімі мен сөз қуатын танытқан Төлеген Томириске М.Әуезов атындағы арнайы жүлде бұйырды.


Кіл жүйріктерді баптаған Әйгерім Біржанқызы мен Айнұр Зейноллақызына шығармашылық өрлеу тілейміз. Таланттарды бастап апарған Арай Жалелқызы мен Меруерт Темірханқызына алғысымызды білдіреміз. Ділмар үйірмесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шешендік сөз жарысы наурыз айында біздің мектепте жалғасын таппақ. Абай есімін арқалаған республикадағы мектептер елордада бас қоспақ. Қасиетті киелі топырақтың шарапаты білім шырағымызға айналмақ!