“Жердегі ең маңызды сағат” агитплакаттар байқауы

“Жердегі ең маңызды сағат” агитплакаттар байқауына мектебіміздің
Экология фракциясы
қатысуда. Бұл суретімізбен біз планетамыздың болашағы өз қолымызда екенін жеткізгіміз келді.Расында планетамызға жасаған жақсылығымыз–өзімізге жасаған жақсылығымыз екенін ұмытпайық.“Табиғат – адам баласының анасы.” Анамызды қалай аялап құрметтесек, табиғатымызды дәл солай аялауымыз керек
Экологияны қорғау – бұл тек бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі ұрпағымыздың болашағын да ойлаумен байланысты. Оларды таза ауада тыныстатып, таза суды ішуге, жасыл желектермен қоршалған ортада өмір сүруге мүмкіндік беру – біздің міндетіміз.
Табиғатты қорғау – біз үшін қасиетті парыз болсын.






