«... Бір ғалымды көрсеңіз» ІІІ қалалық Абай ғылыми жоба байқауы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп - гимназиясымен бірлесе отырып 9 -11 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «... Бір ғалымды көрсеңіз» Абай ғылыми жоба байқауының екінші кезеңін 2023 жылдың 24 ақпанында өткізді.
Оқушыларды сыни ойлау мен академиялық жазылымға, шешен сөйлеуге дағдыландыратын дәстүрлі байқаудың мақсаты – жастардың ғылымға деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды ғылымға баулу, жас ғалымдарды дайындаған жетекші ұстаздарды қолдау.
«... Бір ғалымды көрсеңіз» Абай ғылыми жоба байқауының сараптама кезеңіне 65-тен аса сұраныс түсіп, қалалық кезеңге 37 жұмыс өткен. Ережеге сәйкес байқау 2 бағытта өтті.
Соның ішінде мектебімізден 2 оқушы қатысты. Әдебиеттану бағыты бойынша Мықтыбек Иляс 2-орынды иеленді. Жетекшісі Заңғар Тілеуғазыұлы, ал тілтану бағыты бойынша Қалибек Нұрасыл грамотаға ие болды, жетекшісі Меруерт Темірханқызы. Құттықтаймыз!