1-сыныпқа қабылдау
БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 27 МАМЫРДАН 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН
«Байқоңыр» ауданы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гиназиясына қарайтын аумақ
Кенесары көшесі: 64, 70, 74, 80, 82,
Жұбанов көшесі: 10, 10А, 11/3, 11/4, 13/2, 13/3, 13/4, 15/1,
Б. Бейсекбаев көшесі: 2, 8/1, 8/2, 8/4, 8/5, 10/1, 10/3, 10/4, 12/1, 12/2,
Брусиловский көшесі: 5, 6, 8/2, 8/3, 8/4, 8/5, 10/1, 10/3, 10/4, 11/1,
Макаренко таркөшесі: 1, 4, 6, 8, 10,
Мирный таркөшесі, Фестивальный таркөшесі, Дубинин таркөшесі,
Киевский таркөшесі, Төрткүл таркөшесі, Мырзашөл таркөшесі,
Радищев таркөшесі, Ломоносов таркөшесі,
Чичерин таркөшесі, Кенесары көшесі: 64, 74, 80, 82, 84
Иманов көшесі: 41, 42, 44, 50/1,
Янушкевич көшесі: 3, 5, 7/2, 7/3, 8, 8/1, 8/2,
Ж. Тархан көшесі: 9, Пушкин көшесі: 13
(орыс тілінде оқытатын сыныптар № 119 ОМ-де)
Астана қаласының Білім басқармасы
👨👩👧👦 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
🗓 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.
✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.
Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
🏫 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру
📑 Қажетті құжаттар: Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 📝
Баланың туу туралы куәлігі;
Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;
№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 🏥
Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті. 📸
Ескерту: Мектеп әкімшілігі Сізден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
📍 Мектептердің қызмет көрсету аумағына (микроучаскелерге) бекітілуі туралы ақпаратты Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан
https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim/documents/details/983315?lang=kk
және мектептердің сайттарынан білуге болады.
Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.
🔄 Мектептер арасында балаларды ауыстыру:
Құжаттарды қабылдау және мектеп ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
* Соттың заңды күшіне енген шешімі болғанда; ⚖️
* Бір елді мекен ішінде немесе басқа жерге қоныс аударғанда 🏠 (тұрғын үй құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда);
* Қазақстаннан тыс жерге шыққанда ✈️ (растайтын құжаттар ұсынылса);
* Бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған (немесе куәгер болған) жағдайда.
📞 Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін байланыс телефондары:
556870, 556881, 556887, 557462.

