“15 мамыр - Отбасы күні”

Бүгін “15 мамыр - Отбасы күні” мерекесіне орай мектебімізде үштік одақ біріккен түрде мерекелік концерт өтті. Концертте ата-аналар мен ұстаздар ән айтып, өлең оқып, домбыра тартып өнерлерін ортаға салды. Іс-шара 90-ыншы жылдардағы РЕТРО стильде өтті.
Сонымен қатар іс-шарамызға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева келіп, ақ тілегін білдіріп, мерелік ән шашуын арнады.