25 қазан - Республика күні

25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында Астана қаласындағы Абай, Мұхтар, Қайым мектептері арасында
«Абай, Мұхтар, Қайымбыз, Жарысуға дайынбыз» фестиваль жоғары деңгейде өтті. Атаулы іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Әдістеме орталығымен бірлесе ұйымдастырылды. Фестиваль үш номинациядан құралды.
• Үш таған – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, М.Әуезов шығармашылығы негізінде қойылым.
• Көркемсөз - Қ.Мұхамедханұлының бір өлеңін толықтай немесе шығармашылығынан үзінді алып, нақышына келтіріп оқу
• Түгел сөздің түбі бір – Абай атамыздың нақыл сөзге айналған шығармашылығынан үзіндіні оқушы өз тапқырлығы мен шешендігін танытып өрбіту.
• Әдебиет сыншысы, ғалым Амангелді Кеңшілікұлы және Әдістеме орталығының әдіскерлері Ергешбаев Жұмағали мен Ерғазы Манапұлы және Музыкалық жас көрермен театрының актері Азамат Болатов төрелік еткен фестивалдің мәні мен мазмұны Абай, Мұхтар, Қайым шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау және оқушылар арасында достық қарым-қатынас ұйымдастыру.
Аталмыш үш номинация бойынша жүлдегерлер марапатталды. Қойылым бойынша 1-орын Абай мектебі, "Көркем сөз" аталымы бойынша 1-орын Мұхтар мектебі және шешендік өнерімен көзге түскен Абай мектебінің сөз зергері. 1-орынмен марапатталды. Қайым мектебі де жүлдегерлер қатарынан көрінді. Алдағы уақытта осы фестиваль Қайым мектебінде жалғасын таппақ.
Абай, Мұхтар, Қайымның
Асыл сөзін тоқимын.
Жарысуға дайынмын.
Жүрегіммен оқимын, - деп біз де осы негізде түйіндейміз.