31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандар күні

📍31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етіп, гүл қою рәсімі.
https://youtube.com/shorts/nJ8kH8v1vXs?feature=share





31мамыр саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні Қаламгер аллеясында гүл шоғын қоюдан басталды. Ұстаздарымызбен оқушыларымыз бабалар рухына тағзым жасады. Еске алу күнінің тақырыбы: "Үнсіздік. Тағзым. Құрмет" - деген атпен аталды. Тағзым жасау рәсімінен кейін оқушыларымызға арналған "Ұмытылмас күн" тақырыбында академиялық дәріспен жалғасты. Мектебіміздің алаштанушы мұғалімдері Заңғар Кәрімхан, Данияр Ихсан ұстаздар тың еңбектермен, дәріс өткізді. Үздік сұрақ қойған шәкірттерімізге кітап табыстады. Бүгінгі іс-шара «Amanat» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесімен бірлесе ұйымдастырылды. Аталмыш қоғамдық кеңес өкілдері: ӘЛТАЙ Аманжол Дүйсенбайұлы, СМАЙЫЛ
Алдан Зейноллаұлы, ТҰРЖАН Оңайгүл Ізтұрғанқызы, АБСЕМЕТОВ Марат Оралбайұлы, ҒАФУРОВ Аслан Қабылбекұлы сынды құрметті қонақтарымыз ұстаздарымыз бен оқушыларымызға сүбелі сөзі мен бүгінгі еске алу күнінің маңыздылығы турасында ой өрбітті. "АQ" тетарының оқушылары сахналық қойылым қойып, алаш арастарының туындыларын жатқа оқыды. Алаш рухы - біздің жүрегімізде! "Жасасын, алаш, жасасын!" - деп Сұлтанмахмұтша бізде сөзімізді түйіндедік.