«46-СӨЗ: өз сөзім өзімдікі»

Бүгін мектебімізде 2023 жылдың 27 ақпан күні әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес «Абай кіші академиясы» жобасының аясында «46-СӨЗ: өз сөзім өзімдікі» атты tedX форматында семинар ұйымдастырылды.
Хакім Абайдың «толық адам» ілімі – бүгінгі күннің ұстанымы, барша адамзатқа дұрыс жол сілтейтін темірқазық. Әр мұғалім Абай Құнанбайұлының «толық адам» ілімі негізінде асыл қасиеттерді жинай білсе, бүгінгі қоғамның басты тұлғасына айналады. Ағартушылық қызметтің мәнін ашып көрсететін семинардың қатысушыларға тигізер үлесі зор деуге болады.
TedX алаңында «Абай академиясы: білім мен ғылымның алтын көпірі», «Абайға ұқсағым келеді», «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым, – деп», «Абайдың он жетінші теоремасы», «Абай – ағартушы емес...» тақырыптарында еркін пікір алмасты. Қала мектептерінен 150 жуық тәрбие орынбасарлары мен мұғалімдер қатысып, кері байланыс жасалып, қонақтарымыз алғысын білдірді. Алдағы уақытта жалғасын таппақ.