"Абай кубогі" волейболдан қалалық жарыс

Дене шынықтыру емес мұғалімдер арасында қалалық волейболдан "Абай кубогі" жоғары деңгейде өтті. Алты мектеп арасындағы спорттық жарыс жанкүйерлерге жігер, мұғалімдерге достық байланыс сыйлады. Мақсаты- мұғалімдер арасындағы достықты орнату, мектептер арасындағы байланысты нығайту. Алғаш рет Ы.Алтынсарин атындағы 83 мектеп- гимназиядан басталған жарыс, біздің мектебімізде жалғасты. Алаң иелері Абай мектебі "Абай кубогін" иеленді. Ыбырай мектебі жүлделі 2 орын алды. 3 орынға М.Дулатов атындағы 68 мектеп-гимназия табан тіреді.
А. Сейдімбек атындағы 54 мектеп-лицейі, Білім инновация лицейі,
92 мектеп-лицейі алғыс хатпен марапатталды. Спортпен айналысып, өз-өзімізді дамытайық. Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне және ұйымдастырушы Сырым Мейрамтайұлына алғысымызды білдіреміз.
@bilimastana