«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»

Алаш деп жалындаған жүректер
Астана қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы ұлы ақынмен бірге ізбасарлары болған тарихи таутұлғалар Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын қоса дәріптейді.
Алматыда 11 қараша күні қала әкімдігі мен Музейлер бірлестігі және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аса ауқымды және ірі конференцияға мектебіміздің білікті мұғалімдері: PhD, педагог-сарапшы Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан мен п.ғ.м., жас маман Данияр Маратұлы Ихсан қатысып, баяндама жасады.
Сонымен бірге олар есімі елге белгілі алаштанушы жас ғалымдар, зерттеушілер, менеджерлер мен дизайнерлермен конференция жұмысын ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысып, алғыс хатқа ие болды.
Әріптестеріміздің ғылыми ортадағы жетістіктері көбейе берсін, ғалымдық абыройлары арта берсін дегіміз келеді.