Алмахан Мұхаметқалиқызы - мерейлі 60 жасқа толды.


Ғұмырдариясын Абайдың әдеби мұрасына арнап келе жатқан ұстазымыз Алмахан Мұхаметқализы - мерейлі 60 жасқа толды. Еңселі елорда төріндегі Абай мектебіндегі "Жүрегінің түбіндегі терең ойдан нәр алған" атты мерекелік кеш мерейтой иесіне арналды. Шығармашыл әріптестеріміз бен өнерпаз оқушыларымыз Алмахан апаймыздың шығармашылығын негізге ала отырып қойылым қойды. Қойылымның авторлары: Дәулет Серікұлы, Данияр Ихсан сынды әріптестеріміз. Қойылымның режиссері: Еламан Базарбайұлы.
Мектепшілік шара болғанымен республикалық деңгейде өтті. Оған дәлел республика көлемінде келіп жатқан толассыз құттықтаулар мен рухани кештің құрметті меймандары дәлел. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Абай облысындағы "Халықтық ақындар орталығы" жетекшісі Дәмеш Омарбаева және Қазақстан Республикасының халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері Майра Илясова, Халықаралық Абай қорының басқарма төрағасы Аслан Қабылбекұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гулмира Сарина сынды қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аға-апайларымыз мерейтойлық кештің құрметті қонағы болды. Астана қаласының білім басқармасының бөлім басшысы Асыл Амангелдіқызы және Әдістеме орталығының әдіскері Жанар Сейдахметқызы да әсерлі кештің куәсі болды. Абай елінен қанат қағып, Астана қаласында шығармашылығын жалғасытырып келе жатқан Алмахан Мұхаметқалиқызына Абай мектебі толағай табыстар тілейді.