"Артық білім кітапта"
А.Құнанбаев атындағы 87 мектеп- гимназиясында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы аясында мектептің Абай кітапханасында "Кітап- рухани жаңғыру құралы" атты пікірталасты мұғалім Қ.Парасат 10 сынып оқушыларымен әдеби, тарихи шығармаларға негізделген "Оян, қазақ" фильмін топтық жарыс түрінде викториналық сұрақтармен жүргізді. Мақсаты: оқушылардың таным көкжиегін, ой- парасатын дамыту, жетілдіру. Кітап арқылы әдебиет пен тарихты тереңірек білуге көркем фильм арқылы тәрбиелеу. Ел ертеңі осы жастарда екеніне рухтандыру.