«Әскери - спорттық эстафета» сайысы

Бүгін мектебімізде Патриот айлығының аясында 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 10 сыныптар арасында «Әскери - спорттық эстафета» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: оқушыларды әскери тәртіпке үйрете отырып, оқушылардың патриоттық жiгерлерiн ояту. ⚜️ Сайыс өте тартысты түрде өтті. Әр команда өз тобы үшін күш-жiгерлерiн аямай сайысты өте сәтті аяқтап отырды. Осы сайыс арқылы Алғашқы әскери пәнге деген оқушылардың қызығушылықтары көрiндi. ⚜️Осы сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хамитов Еркебұлан ағайға үлкен алғыс білдіреміз. Сайыс қорытындысы бойынша: 🥇 - 10 «Ә» сынып командасы 🥈 - 10 «Б» сынып командасы 🥉 - 10 «Г» сынып командасы Барлық қатысушылар мен жеңімпаз сыныптарды құттықтаймыз!👏👏👏