Ата-ана пікірі 1-сынып
Осы аптаның дүйсенбі күнінен бастап 1-сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Біздің жетістігіміз» форумының екінші кезеңі өтуде. Күн сайын әр сыныптан 5 ата-анадан келіп, балалардың оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша жеткен жетістіктеріне талдау жұмыстары жасалды . Ата-ана өз баласының жұмысын берілген дескрипторлар арқылы бағалап, үйде балаға қалай көмек көрсету керектігі жөнінде нұсқаулық алады. Бұл үрдіс мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.