«Ауғанның асуында от кешкендер!» 2025 жыл

Бүгін 27.02 күні мектебімізде «Ауғанның асуында от кешкендер!» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету болды. Кездесуге арнайы қонақ ретінде Манханов Мурат Калелович, Қабиев Сембек Мажитұлы және Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы шақырылды. Кездесудің басы Мемлекеттік Әнұранмен басталып, соғыста қаза болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына құрмет көрсетілді. Іс-шарада концерттік бағдарламалар ұсынылып, сонымен қатар мектептің "Жас сарбаз" клубы мүшелерінің тамаша өнеріне куә болды. Келген қонақтарымыз сөз алып, Ауған соғысында болған көзсіз ерліктер туралы айтып, оқушыларды елдің патриоты болуға шақырды. Ауған соғысының маңызын тереңірек түсіну мақсатында оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойды. Кездесу аясында Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызын арнайы алғыс хатпен марапаттады. Мектеп директоры сөз алып, ардагерлерге үлкен алғысын білдіріп, келген қонақтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.



Іс-шараның видеосына сілтеме

@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@k.sengazyyev_official
@bilimastana