«Баға құнды емес, бала құнды»
2024 жылдың 12 наурыз күні жаратылыстану бағытында «Баға құнды емес, бала құнды» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Абай мектебінің мұғалімдері ашық сабақ өткізіп, тәжірибе алмасты.
Екінші бөлім жаратылыстану, инклюзия, нейрографика тақырыптары негізінде спикерлер «46 сөз: өз сөзім өзімдікі" TEDx форматында сөз сөйлеп, тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Қала мектептерінің мұғалімдері қатысқан семинардың ашылуында Әдістемелік Орталықтың орта білім беру бөлімінің әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы сөз сөйледі. Сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ақерке Алданышқызы «Оқытудағы аналитиканың маңызы» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Қорытынды бөлімде қатысушылар кері байланыс жасап, ұсыныстары мен пікірлерін айтып өтті.
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_adistemelik_ortalyq