«Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт»

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 6 ақпан күні 6 «Ә», «Д», «Ж» сыныптары арасында «Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт» атты Масғұт поэмасын жатқа оқу сайысы өткізілді. Мектебімізде жыл сайын Абай поэмаларын жатқа айту дәстүрге айналып келе жатыр. Былтырғы оқу жылында оқушыларымыз «Ескендір» поэмасын жаттаса, биыл «Масғұт» поэмасы бойынша бақ сынады.
Сайысқа 33 оқушы қатысып, Бас жүлдені 6 «Ж» сынып оқушысы Тасылбек Іңкәр, 1-орынды Ахмет Жансұлу, Айтахметова Жібек, Алменова Айдана, Мәлік Інжу, Мұзарапша Алихан, Докдыралы Тоғжан, Төлепберген Елнар, Отанова Нармина, Бақытжанұлы Ибраһим иеленді.
2-орынмен Жұмабай Аяулым, Есмагамбетов Ернар, Тнеев Саид, Мизан Саида, Жасұлан Жансая, Әшірбай Нұрислам марапатталды.
3-орынды Сапархан Інжу, Избай Раййана, Кәрім Сезім, Қадырғажы Әділжан, Тілеміс Мансұр, Мақсұт Зере, Қанат Айару, Арғымбай Ұлжан, Арғымбай Балжан, Ален Толғанай, Мүфти Ақдидар, Жұмабай Дильназ қанжығалады.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Қолдау білдірген ата-аналарға алғыс білдіреміз