"Бала Абайдан Дана Абайға"

🔹Абай мектебінде "Бала Абайдан Дана Абайға" атты қалалық семинар өтті. Бұл семинардың мәні де мағынасы да өзекті. Қасиетті Абайдың атын иеленген білім ұясының дайындығы да өткізу формасы да көңілден шықты. Семинарға қала меткептерінен түгелдей қатысты десек те болады. Бастауыш сынып мұғалімдері мен қатар бала-бақша ұжымынан да әріптестеріміз келді. Келелі жиын Астана қаласы Әдістемелік орталық кіші Абай академиясы және "Абай әлемі" пилолттық жоба негізінде тәжірибе алмасу бағытында ұйымдастырылды.
🔹Бірінші бөлімде ұстаздарымыз бала Абайға қатысты сабақтарымен тәжірибе бөліссе, екінші бөлім tedx форматындағы пікір алмасу семинардың салмағын арттырды. Ұстаздармен қатар мектеп оқушылары да Abai talks алаңына шығып ой өрбітті. "Бала Абай" курсынан түлеп ұшқан оқушылар 5-сынып оқушылар "Ескендір" поэмасын жатқа оқыды. "Бала Абай" байқауының бір бөлігі қайым айтыста бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Абай аудармалары мен "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі жатқа оқылып, әріптес көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. "Абай тағылымы" авторлық қойылым да бастауыш сыныптан құралған хор да жоғары деңгейде орындалды.