Батыс Қазақстан облысынан арнайы қонақтар келді.

Абай құндылықтары негізінде оқытып, әрі тәрбиелеп жатқан Абай мектебінің тыныс-тіршілігін танысып, білісу мақсатында кеше мектебімізде Батыс Қазақстан облысынан арнайы қонақтар келді. Батыс Қазақстан ауданына қарасты Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері Сауле Құмарқызы, Ақсай қаласындағы #2 мектеп директоры Меңдігүл Мұстажапқызы, #3 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гуляйым Ерсайыновна мектеп құндылығын біліп, оқу-тәрбие жұмысымен танысты.
✅Абай мектебі - құндылықтарға негізделген білім беру жүйесін дамытып, оқыту жүйесіне енгізіп келе жатқан бірден бір мектеп. Осыған дейін Алматы, Қостанай, Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдері келген болатын.
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq