«Бес асыл іс» құндылығы

Бүгін білім ордамызда «Бес асыл іс» құндылығын дәріптеу мақсатында
5-сынып оқушылары арасында мектепішілік
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» Ескендір поэмасын жатқа айту байқауы өтті.

Байқауға 28 үміткер қатысып, диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлдені Ахмет Жансулу, 1-орынды Сапархан Інжу, Тасылбек Іңкәр, Докдыралы Тоғжан, Избай Раййана алды.
2-орынды Айтахметова Жібек, Мизан Саида, Сапаргалиева Алина иеленді. 3-орынды Тнеев Саид, Батырханқызы Шынар, Төлепберген Елнар, Есмагамбетов Ернар, Дәулетбекұлы Нұрислам, Дәулетбекқызы Нұрлангүл иеленді.