«Бес асыл іс» құндылығын насихаттау


«Бес асыл іс» құндылығын негізге ала отырып, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, құрметті журналист, Павлодар облысының құрметті азаматы Ғалия Құсайынқызымен риясыз сұқбат өтті. Ғалия Құсайынқызы өмір жолын бес асыл істің негізінде еркін форматта тарқатып айтып берді. Оқушылар «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сынды асыл құндылықтарды бойына жиған парасатты жаннан тәлім-тәрбие ала білді деуге болады.
Оқушылар жазушының «Сары қыз» атты кітабынан әңгімелерді оқып, автордың жоғары бағасын алды.