«Білім берудегі VR мен AR мүмкіншіліктері»
Ғылым күні ҚР ОМ «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК мекемесімен бірлескен, меморандум аясында өткен «Білім берудегі VR мен AR мүмкіншіліктері» тақырыбындағы қалалық семинар - практикуммен жалғасты.
Мақсаты: Ғылым мен білім саласында жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік тәжірибе алмасу және әріптестерімізді академиялық жазба жазуға, ғылыми жұмыстармен айналысуға баулу.
Ғылыми семинарға «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ғылыми жұмыстар жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, информатика саласы бойынша ассоциаланған профессор
Мұқашева Манаргүл Өмірзаққызы арнайы келіп, таңдаулы тәжірибелермен бөлісті. Академия ұсынған оқу құралының заманауи үрдіске сай келуі мен жаңашылдығы, маңыздылығы серіктес мектептерден (56МГ,92МЛ) келген әріптестерімізді қуантты. Академия VR Oculus – Facebook Technologies компаниясының бренді. Құрылғы контроллерлер, виртуалды шынайылылық бас киімі, джойстиктер және қозғалыс датчиктерін сабақта қалай қолдануға болатындығын тәжірибе алаңында көрсетті. Class VR – Мұғалімге сабақтың дайын әзірлемелерін пайдалануға, сонымен қатар жеке сабақ жоспарларын құрастыруға мүмкіндік беретін виртуалды шындық технологиясының электронды оқу құралымен таныстырды.
Мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Айжан Мауытқазықызы мен биология пәнінің мұғалімі Әсел Нұрланқызы zSpace бағдарламасының виртуалды 3D моделді оқыту тәжірибесімен бөлісті.