Бірыңғай ашық есік күні өтті.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының жұмысы аясында «Балаға үйрету; ақылыңды мейірімге орап бер» атты Бірыңғай ашық есік күні өтті. Бірыңғай ашық есік күні 9 аймақ бойынша өткізілді. Аталар мектебі, Әкелер мектебі, «Зере» әжелер мектебі 8 аймақ бойынша жұмыс жүргізіп, бала тәрбиелеудегі ортақ мәселелер айтылды.
Бірыңғай ашық есік күні 1 аймақ. Q-TALKS –та 4 « Ә» сынып ата-анасы Сейтжапбар Әйгерім Нұржанқызы «Баламен ортақ мүдделерді қалай табуға болады?»сөз алып, бала тәрбиелеу бойынша ата-аналармен пікір алмасты. Бала тәрбиелеудегі мектеппен біріккен жұмыстар оң нәтиже бергенін айтып, алғыстарын білдірді. видеосы

6 аймақта сынып жетекшілер әр түрлі форматта «Балаға үйрету; ақылыңды мейірімге орап бер» атты сыныпта ата-аналар жиналыстарын өткізді. Бала тәрбиелеудегі ортақ мүдделер айтылып, бірігіп тәрбиелеу бойынша пікіралмасты. Ата-аналар ерекше белсенділік танытты.